jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Арасында Айшолпан да бар": 100-ге жуық құсбегі қатысқан құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты қалай өтті

    Құсбегі
    Құсбегі. Фото: instagram.com/qusbegilik.kz

    Құсбегіліктен ересектер арасындағы ХVII Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Құсбегілік федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жарыс ШҚО-ға қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өтті. Оған Қазақстанның 10 облысынан және 2 қаласынан 100-ге жуық құсбегі қатысты. Тіркеуден 61 бүркіт, 21 қаршыға, 14 ителгі өткен. Қатысушылардың арасында танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.

    Құсбегі қыз
    Құсбегі қыз. Фото: instagram.com/qusbegilik.kz

    Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңай болмады. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран соққан.

    Қоянның соңына түскен құс
    Қоянның соңына түскен құс. Фото: instagram.com/qusbegilik.kz

    Жарыс қорытындысына сәйкес, бүркіт құсы бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды:

    • 1-орын Абдулкаримұлы Сармат (Атырау облысы), Каспий құсымен;
    • 2-орын Сейітжан Аян (Алматы облысы), Атамұра құсымен;
    • 3-орын Кушкаров Арман (Атырау облысы), Нарын құсымен;
    • 3-орын Искаков Алан (Павлодар облысы), Сонар құсымен.
    Құсбегілер
    Құсбегілер. Фото: instagram.com/qusbegilik.kz

    Ал қаршыға құсы бойынша үздіктер қатары келесідей:

    • 1-орын Базарбаев Ибрагим (Түркістан облысы), Жендет құсымен;
    • 2-орын Кодеков Мұрат (Алматы облысы), Көкжендет құсымен;
    • 3-орын Байетбай Сағыныш (Алматы облысы), Жендет құсымен;
    • 3-орын Рауильұлы Құдайберген (Астана қаласы), Ұшқыр құсымен.
    Құсбегі
    Құсбегі. Фото: instagram.com/qusbegilik.kz

    Ителгі құсы бойынша жүлдеге ие болғандар:

    • 1 - орын Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы), Самал құсымен;
    • 2 - орын Иманзайып Ермек (Павлодар облысы), Ақсеңгір құсымен;
    • 3 - орын Аршабай Дәурен (Түркістан облысы), Қаракөз құсымен;
    • 3 - орын Төлегенұлы Темірәлі (Қарағанды облысы), Жұлдыз құсымен.
    Қоян ұстаған құс
    Қоян ұстаған құс. Фото: instagram.com/qusbegilik.kz

    Айта кетейік, 2023 жылы құсбегіліктен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Атырау облысы, Жаңаталап ауылында өткен еді. Оған еліміздің 14 облысынан 50-ге жуық құсбегі қатысқан.

    "Арасында Айшолпан да бар": 100-ге жуық құсбегі қатысқан құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты қалай өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram