jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Самбодан Азия чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды

    Cұңғат Жұбатқан
    Cұңғат Жұбатқан. Фото: instagram.com/sambo.qazaqstan

    Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сұңғат Жұбатқан Маңғыстау облысы самбо федерациясының спорттық директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан самбо федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сұңғат Жұбатқан жаңа қызметке Маңғыстау облыстық самбо федерациясы президентінің бұйрығымен тағайындалды. Федерацияның атқарушы директоры Асхат Қапанов Сұңғат Жұбатқанға самбо федерациясының спорттық директоры екенін растайтын құжатты табыстады.

    "Сондай-ақ ҚР самбо федерациясының құрылтайшысы, өңірлік самбо федерациясының президенті мен вице-президенті Сұңғат Жұбатқанды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тілеп, берілген тапсырмаларды абыроймен атқаратынына сенім білдірді", – делінген Қазақстан самбо федерациясының хабарламасында.

    Сұңғат Жұбатқан 1998 жылы Маңғыстаудың Шетпе ауылында дүниеге келген. Ол – дзюдадан Азияның, Еуропаның, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Сондай-ақ дүниежүзілік универсиада ойындары мен әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдесінің иегері.

    Самбодан Азия чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.