jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Шыдамай араласып кеттім": Жұман Жұмабеков бразилиялық файтермен ерегесіп қалды (видео)

    Жұман Жұмабеков
    Жұман Жұмабеков. Фото: instagram.com/juman_jumabekov

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков бразилиялық файтер Вандерлей Ферейрамен ерегесіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Saq Pro Team клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Екі файтер арасындағы жанжал жаттығу кезінде болған.

    "NAIZA 57 турнирінде Жұман Жұмабековке қарсылас ретінде кімді ұсынатынымызды білетін сияқтымыз. Біздің жауынгер мен ALASH PRIDE чемпионы, бразилиялық файтер Вандерлей Ферейра арасында жанжал туды", – делінген Saq Pro Team клубының Instagram-дағы жазбасында.

    Жұман Instagram-дағы ресми парақшасында осы жағдайға қатысты пікірін айтты.

    Жұманның Instagram Stories-і
    Жұманның Instagram Stories-і. Скриншот: instagram/juman_jumabekov

    "Жігіттер залға спарринг жасауға келген екен. Менің артымдағы інішекпен. Сол жігітпен қатты жұмыс істей бастады. Мен шыдамай араласып кеттім. Спарринг емес, өзі төбелесіп кеткеннен кейін араластым. Өз жерінде, өз елінде қожайын болсын. Бізде емес. Сыйласа білгенді сыйлайтын халықпыз. Зияным тиген жоқ, тек түсіндірдім", – деді Жұман.

    Айта кетейік, Вандерлей Ферейра 28 қаңтарда Alash Pride 94 турнирінде қазақстандық файтер Руслан Сариевті жеңіп, лиганың уақытша чемпионы атанған еді. Ал Жұман Жұмабеков соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, Ресейдегі HFC MMA турнирінде Наби Набиевтен жеңіліп қалған болатын.

    Еске салайық, UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.

    "Шыдамай араласып кеттім": Жұман Жұмабеков бразилиялық файтермен ерегесіп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.