Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Матчқа шығу үшін өтірік айтты": Магомед Адиев ұлттық құрама футболшысы жарақатын жасырғанын айтты

Опубликовано:

Сергей Малый
Сергей Малый. Фото: Jurij Kodrun - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Магомед Адиев қорғаушы Сергей Малыйдың алаңға шығу үшін жарақатын жасырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Gasenergy Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Магомед Адиев 2024 жылғы Еуроға іріктеу ойындары аясында болған қызық оқиғамен бөлісті. Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Дания ұжымын қабылдаған матчта Сергей Малый алаңға алғашқы минуттан шыққан еді. Десе де қорғаушы жарақатпен ойнаған екен.

"Сергей Малыйдың кәсібилігіне тәнтімін. Футбол үшін жасы келіп қалса да, ер адам ретінде әлі жас. Жаттығу залынан шықпайды. Тіпті оған жеке тапсырма береміз. Данияға қарсы ойында қателік жіберіп, Хойлундқа гол соғуға мүмкіндік беріп қойды. Сөйтсек жарақаты болыпты. Бірінші таймнан кейінгі үзілісте онымен сөйлестім. Сергей, бір жерің ауырып тұр ма десем "иә" деп жауап берді. Осыдан кейін оның орнына бірден Темірлан Ерлановты шығардым.

Сергей ойыннан соң келіп: "Мұсаұлы, иә, бұл әрекетім кәсібилік емес. Сіздің және ел алдында кінәлімін. Бірақ мен бұл ойында алаңға шыққым келді. Жарақатым бар екенін ешкімге айтпадым. Себебі ұлттық құраманың жейдесін кию – үлкен бақыт" деп айтты", – деді Магомед Адиев.

Еске салайық, Магомед Адиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың бапкерге білдірген пікірін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061476-matcqa-sygu-usin-otirik-aitty-magomed-adiev-ulttyq-qurama-futbolsysy-zaraqatyn-zasyrganyn-aitty/

pixel