Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Президент бір сөзбен орныма қойды": Магомед Адиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың бапкерге білдірген пікірін айтты

Опубликовано:

Магомед Адиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Магомед Адиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: instagram/akordapress

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Магомед Адиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған оқиғаны айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Gasenergy Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Магомед Адиев Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгіме жайлы айтты.

"Сол күні Солтүстік Ирландияға қарсы ойнадық. Мен алаң жиегінде болдым, ал президент матчты арнайы орыннан тамашалады. Ол кезде сөйлесетіндей мүмкіндік болған жоқ. Одан кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, бәрімізді құттықтап ойын үшін рақмет айтты. Тоқаев кіргенде бапкерлер штабының артында, бұрышта, тұрдым. Бірақ ол кісі мені байқап қойып, қолымды алып, жеңіс үшін алғысын білдірді.

Ал Қазақстан – Нидерланд футзал матчында көп сөйлестік. Тіпті үзіліс кезінде бірге шай іштік. Сол кезде менен футзал құрамасының ойынын қалай екенін сұрап, "Астана Аренада" өтетін матчтар қызығырақ екенін айтты. Мен ол жақта жанкүйердің көп болатынын және үлкен футболдың қызық екенін тілге тиек еттім. Десе де президент "Есесіне мына бапкердің (Кака) нәтижесі сенікіне қарағанда жақсы" деді. Бәрін түсініп, үнсіз қалдым. Мені орныма қойып тастады (күліп)", – деді Магомед Адиев.

Айта кетейік, халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялаған еді. Аталған рейтингтегі алғашқы 10 орын өзгеріссіз қалды. Қазақстан құрамасы 100-орыннан қозғалған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2061468-prezident-bir-sozben-ornyma-qoidy-magomed-adiev-qasym-zomart-toqaevtyn-bapkerge-bildirgen-pikirin-aitty/

pixel