jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Америкалық баскетболшы ойынға қазақтың шапанын киіп шықты (видео)

    Джордан Скиппер-Браун
    Джордан Скиппер-Браун. Фото: youtube.com/@vtbleague

    "Астана" баскетбол клубының ойыншысы Джордан Скиппер-Браун Ресейде өткен ВТБ біріккен лигасының жұлдыздар кездесуінде қазақ шапан киіп шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ВТБ біріккен лигасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Джордан Скиппер-Браун жұлдыздар матчының допты жоғарыдан лақтыру (данк) сайысында 99 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Оған 500 000 мың рубль (2,4 миллион теңге) ақшалай сыйақы табысталды.

    Жарыс кезінде Джордан үстіне шапан, басына тымақ киіп ойнады. Осылайша 26 жастағы баскетболшы "Астана" командасының ойыншысы екенін көрсеткісі келген сияқты.

    Айта кетейік, қаңтар айында "Астана" баскетбол клубы Джордан Скиппер-Браунмен келісімшартқа отырған еді. Джордан – АҚШ азаматы. Бойы – 199 см, cалмағы – 102 келі. Ол соңғы рет словениялық "Хопси" клубында ойнаған. Бұл командада америкалық баскетболшы 15.4 ұпай жинады, 9.7 рет допты тартып алып, ұлттық чемпионаттағы бір ойында орташа есеппен 4.3 пас берген.

    Америкалық баскетболшы ойынға қазақтың шапанын киіп шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.