Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйінші, қазақ елі!": Илья Ильин отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті (видео)

Опубликовано:

Илья Ильин жұбайымен
Илья Ильин жұбайымен. Видеодан кадр: instagram.com/ilyailyinforever

Белгілі ауыр атлет Илья Ильиннің екінші қызы дүниеге келді. Cпортшы сүйінші жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматшасы - Ильина Аили Ильинична. Әйелім жоспарлы кесарь тілігімен босанды, бәрі жақсы өтті. Қызымыздың бойы - 50 см, салмағы - 3 кг 178 гр", - деп жазды Илья Ильин.

Танымал спортшы қолдап, тілектерін жаудырған оқырмандарына алғыс айтты.

"Біз сіздерді қатты жақсы көреміз! Келесі видеоларда кездескенше", - деді ол.

Айта кетейік, Илья Ильиннің бірінші некеден бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2062056-qyzymyz-duniege-keldi-ilya-ilin-otbasyndagy-quanysty-zanalyqty-bolisti-video/

pixel