jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Килиан Мбаппе "Реал Мадридке" ауысуы жайлы сұрақты жауапсыз қалдырды (видео)

    Килиан Мбаппе
    Килиан Мбаппе. Фото: instagram/433

    Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе демалыс күндерін Барселонада өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Diario sport порталының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Diario Sport порталының мәліметінше, "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы Килиан Мбаппе және Ашраф Хакими бапкердің берген демалыс күндерін Барселона қаласында өткізді. Ал Парижге қайтып оралу үшін әуежайға келгенде бір топ жанкүйер Мбаппені көріп қалып фотоға түсіп, "Реал Мадридпен" келісімшарт жасастың ба деп сұрады. Килиан бұл сұраққа жауап бермей, қолтаңба беріп әуежайға кіріп кетті.

    Еске салайық, белгілі спорт журналисі және инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Мбаппе франциялық клубтың басшылығына өзінің жазда кететінін хабарлады. Себебі футболшының ПСЖ-мен келісімшарты дәл осы уақытта аяқталады. Демек Килиан басқа командаға еркін агент ретінде ауысуы мүмкін.

    Килиан Мбаппе "Реал Мадридке" ауысуы жайлы сұрақты жауапсыз қалдырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.