jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Өз таңдауымыз бар": Қазақстан азаматтығын алған ресейлік теннисшінің әйелі төлқұжатын ауыстырмайтынын айтты

    Александр Шевченко және Анастасия Потапова
    Александр Шевченко және Анастасия Потапова. Фото: instagram.com/anapotapovaa/

    Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконың әйелі Анастасия Потапова күйеуінен кейін өзінің де азаматтығын ауыстыру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылдың қаңтарында Шевченко ресми түрде ATP аясындағы жарыстарға Қазақстан атынан қатыса бастады. Осыған дейін Александр ресейлік теннисші ретінде танылды. Потапованың өзі де теннисші және ресейлік төлқұжатын ауыстырмайтынын айтты.

    – Жаңалықтарды оқымаймын деп айттыңыз, бірақ көбі күйеуіңізден кейін азаматтықты ауыстырады деп алаңдады.

    – Маған ешкім ештеңе ұсынған жоқ және енді ауыстыру тым кеш. Өз командама немесе өзіме қатысты ештеңе өзгертпеймін. Бұрынғыша өнер көрсете беремін. Көп адам Настя кетеді деп қалжыңдайтынын білемін. Уайымдамаңыздар – Настя кетпейді. Настя қалады.

    – Күйеуіңізбен осы тақырыпта әзілдесесіз бе?

    – Жоқ. Білесіз бе, әрқайсымыздың өз таңдауымыз бар. Шын мәнінде, Александр туралы бәрі бұрыннан білетін – бұл жаңалық емес еді. Бір жыл бұрын белгілі болса да, бәрі енді жаза бастады. Сонымен қатар, Саша тоғыз жасынан бері Ресейде тұрмайды. Мен оның теннис туралы әңгімелеріне мүлдем араласпаймын. Ол шешімді өзі қабылдайды және менің әйел ретіндегі міндетім – кез келген талпыныс пен таңдауда оған қолдау көрсету. Ол бақытты, мен де бақыттымын.

    Еске салайық, осығандейін Александр Шевченко Дохадағы ATP 250 турнирінің басында сәтсіздікке ұшыраған болатын.

    "Өз таңдауымыз бар": Қазақстан азаматтығын алған ресейлік теннисшінің әйелі төлқұжатын ауыстырмайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.