Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабирхан Дубайда өтетін жарысқа қатыспайтын болды: себебі анықталды

Опубликовано:

Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан
Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан. Фото: facebook.com/redstablesdubai

Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан 2 наурызда өтетін Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Dubai Racing Club ұйымының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қабирхан бабында. Жаттықтырушы Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев сенбіде өтетін G2 Maktoum Classic жарысынан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды шешті", – делінген Dubai Racing Club баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Еске салайық, Қабирхан 30 наурызда Dubai Wold Cup жарысында бақ сынайтынын жазғанбыз. Бұл бәйгенің жүлде қоры – 12 миллион доллар. Қазақстандық сәйгүлік 26 қаңтарда Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінде мәреге бірінші болып жеткен еді.

Айта кетейік, жақында Қабирхан туралы ән жарық көрді. Бұл туындының сөзін ақын әрі сазгер Медет Нұрқали жазған. Ал әуенін шығарған және әнді орындаған – "Алашұлы" тобының бұрынғы мүшесі Әзімбек Байлин.

Қабирхан – АҚШ-та туған таза ағылшын тұқымды жылқы. Оны 1,5 жасында батыс қазақстандық атбегі Тілек Мұханбетқалиев сатып алған. Алғашында Қабирхан алматылық ипподромда бапталып, небәрі 2 жасынан бастап Қазақстанның 9 бәйгесінде топ жарған. Ал 3 жасында тәжірибелі бапкер Дуг Ватсонның қарамағына Ресейге жіберілген. Сосын сәйгүлік Дубайға аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063456-qabirxan-dubaida-otetin-zarysqa-qatyspaityn-boldy-sebebi-anyqtaldy/

pixel