jitsu gif
Спорт

    500 миллион оқырман: Лионель Месси Роналдудан кейін екінші орында тұр

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: instagram.com/leomessi

    Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің Instagram желісіндегі жазылушы саны 500 миллионға жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    36 жастағы футболшы Instagram-дағы жазылушы саны бойынша тек "Әл-Наср" клубының ойыншысы Криштиану Роналдуден қалып тұр. Қазіргі таңда Роналдудың 622 миллион оқырманы бар.

    Мессидің Instagram-дағы парақшасы
    Мессидің Instagram-дағы парақшасы. Скриншот: instagram.com/leomessi

    Instagram желісінде жазылушысы көп 10 адам:

    1. Криштиану Роналду, футболшы – 622 миллион;
    2. Лионель Месси, футболшы – 500 миллион;
    3. Cелена Гомес, әнші – 429 миллион;
    4. Кайли Дженнер, модель – 400 миллион;
    5. Дуэйн Джонсон, актер – 397 миллион;
    6. Ариана Гранде, әнші – 380 миллион;
    7. Ким Кардашьян, актриса – 364 миллион;
    8. Бейонсе, әнші – 320 миллион;
    9. Хлои Кардашьян, кәсіпкер – 310 миллион;
    10. Кендалл Дженнер, модель – 294 милион.

    Еске салайық, Лионель Месси жаңа маусымдағы алғашқы голын соққанын жазғанбыз. Аргентиналық футболшы 2023 жылдың шілдесінен бері америкалық "Интер Майами" командасында ойнап жүр. Месси бұл клубпен 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан.

    500 миллион оқырман: Лионель Месси Роналдудан кейін екінші орында тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.