jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Лионель Месси жаңа маусымдағы алғашқы голын соқты (видео)

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: instagram.com/leomessi

    "Алтын доптың" сегіз дүркін иегері, "Интер Майами" клубының ойыншысы Лионель Месси 2024 жылғы алғашқы голын соқты. Бұл туралы KAZ.NUR тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 26 ақпанда "Лос-Анджелес Гэлакси" өз алаңында "Интер Майамиді" қабылдады. Ойын есебі 75-минутта ғана ашылды. Алаң иелерінің ойыншысы Деян Йовелич мергендік танытып, қарсыластың қақпасына дәл соққы бағыттай алды.

    Аргентиналық футболшы Месси 90+2 минутта Жорди Альбаның көмегімен гол салып, есепті теңестірді. Бұл – Мессидің жаңа маусымдағы алғашқы голы.

    "Лос-Анджелес Гэлакси" мен "Интер Майами" арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

    Еске салайық, Лионель Месси сегізінші "алтын добын" "Барселона" мұражайына табыстаған еді.

    Аргентиналық футболшы 2023 жылдың шілдесінен бері америкалық "Интер Майами" командасында ойнайды. Месси бұл клубпен 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан.

    Transfermarkt порталы Мессидің трансферлік нарықтағы құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.

    Лионель Месси жаңа маусымдағы алғашқы голын соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.