Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы және Parimatch амбассадоры Кирилл Герасименко спорттың ең серпінді түрлерінің бірі туралы кең таралған алты шымшыма сұраққа жауап берді.
- Мұндай қарқынды ойында допты қалай бақылауға болады?
- Бұл көптеген жыл бойы жаттығулар жасағаннан пайда болатын дағды, егер сіз доптың екі жақты айналу мәнін және келген допты қалай ұру керегін түсінсеңіз, онда ол сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда жеңіл болады.
- Бір ойын барысында қанша киллограмға азасыз?
- Иә, өкінішке қарай, салмақ тез жоғалады. Доптың ұшу жылдамдығы сияқты десек те қате болмас. Мен жарысқа 74 килограмм салмақпен келсем, үш-төрт күндік ойындардан кейін салмақ 70 килограмға дейін төмендейді. Сонымен қатар салмақ жоғалту тек физикалық белсенділікпен емес, сонымен қатар ойын кезінде күйзеліспен және адреналинмен де байланысты.
- Неліктен үстел теннисін таңдадыңыз?
- Әкем мені осында әкелді. Ол өзі үлкен жолдан өтіп, тоғыз түрінде спорт шебері болды. Жаттықтырушым да керемет адам болатын! Сондықтан ол менің таңдауым емес еді, бірақ әкемнің таңдауына сенім арттым.
- Бұл спорт түрі елімізде тұрмыстық имиджге ие. Оны аулада ойнай ма?
- Кейінгі үш-төрт жылда Қазақстанда үстел теннисінің тоғыз орталығы салынды. Шамамен 15 өңірлік федерация, 24 кәсіби клуб құрылды. Ал қазір елде үстел теннисін мыңдаған әуесқойлар ойнайды. Жыл сайын бұл спорт түрінің имиджі артып келеді. Бұл үрдіс жалғасын тауып, үстел теннисі барлық жерде — спорт орталықтарында және әр аулада ойналады деп үміттенемін.
- Үстел теннисінде қытайлықтарды жеңу мүмкін бе?
- Әкем айтқандай: "Жеңілмейтін адам жоқ". Қытай үшін үстел теннисі - ұлттық спорт түрі. Онда оны миллиардтан аса адам ойнайды. Бәсекелестік деңгейін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Демек, нәтиже осыдан. Бірақ қытайлықтарды да жеңуге болады. Біз мұны іске асыратын боламыз.
- Неліктен үлкен теннисіндегідей айқайламайсыздар?
- Бізде үлкен теннистегідей емес. Ашық қозғалыстарға уақыт бар, соның арқасында күш жинап, дем шығарған кезде доппен бірге бәрін шығарып тастайды. Демек, осыдан айқайлау да бар. Үстел теннисінде қозғалыс әлдеқайда қысқа, ал соққы уақыты аз. Сондықтан біздің "шыңғыруымыз" немесе айқайларымыз қысқа. Дәл бокстағыдай болып келеді.
*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063812-ustel-tennisi-oiynsylary-nelikten-aiqalap-oinamaidy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.