jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық фристайлшы Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші орынға ие болды

    Юлия Галышева
    Юлия Галышева. Видеодан үзінді: instagram.com/galysheva_yuka

    Алматыда өтіп жатқан фристайлдан Әлем кубогының соңғы кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева "могулдан" бесінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жарыс "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында өтіп жатыр. Спортшылар жарыстың бірінші күнін жеке могулдан бастады.

    Галышева әйелдер арасындағы ақтық раундқа өтті. Оған тек бірінші финалдық кезеңнен үздік өткен алты спортшы жолдама ала алады. Шешуші құлдилау кезінде ол 68,58 балл жинап, бесінші орынды иеленді.

    Тағы бір қазақстандық Анастасия Городко 11-орынға тұрақтады. Аяулым Амренова – 21, Юлия Феклистова – 27, Анастасия Ларионова – 29 нәтиже көрсетіп, іріктеуден өте алмады.

    Әйелдер құрамасының ішінде австралиялық Энтони Джакарта (82,74) жеңді. Ол классикалық могулдан биылғы Әлем кубогының сегіз кезеңінің ішінде жетеуінен өтіп, бұл дисциплина бойынша кіші Хрусталь глобусын ұтып алды, сонымен қатар ірі Хрусталь глобусты ұтып алу кепілдігіне ие болды.

    Күміс пен қоланы болса америкалық Элли Макуга (76,17) әрі Ханна Сор (73,84) қоржынына салды.

    Қазақстандық фристайлшы Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші орынға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.