Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов пен Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Рахматжон Рузиахуновтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі бапкер Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде жолыққан көрінеді.
"Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары финалда кездессін. Біздің достығымыз мәңгілік", – деді Рахматжон Рузиахунов.
Айта кетейік, екі елдің де боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирде Олимпиаданың 5 жолдамасын иеленді. Өзбекстан құрамасынан Руслан Абдуллаев (63,5 келі), Асадхуджа Муйдинхуджаев (71 келі), Турабек Хабибуллаев (80 келі), Лазизбек Муллажонов (92 келі) және Сабина Бобокулова (50 келі) лицензия жеңіп алды.
Ал Қазақстан құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Парижде өтетін әлемдік додаға қатысуға мүмкіндік алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2066925-finalda-kezdeseiik-bokstan-ozbekstan-quramasynyn-bapkeri-myrzagali-aitzanovpen-zolyqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.