Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Килиан Мбаппе мен Гризман жазғы Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Футболдан Франция құрамасының және "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы Килиан Мбаппе мен Гризман биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Le Parisien порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Франция Олимпиадалық құрамасының бас бапкері Тьерри Анри 25 жастағы Мбаппені командаға шақырғысы келеді. Сондай-ақ, бапкер 32 жастағы Антуан Гризман және 37 жастағы Оливье Жиру да Олимпиада ойындарында Францияның намысын қорғағанын қалайды. Үшеуі де 2018 жылы Франция құрамасының сапында Әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

Айта кетерлігі, Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын футболшылар 23 жаста болуы керек. Бірақ әр елдің құрамасы 23 жастан асқан 3 ойыншыны командаға шақыра алады.

Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеден 11 тамызға дейін өтеді. Оған 206 ұлттық Олимпиада комитетінің командалары қатысады. Сондай-ақ 32 спорт түрінен 329 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Еске салайық, Киллиан Мбаппе Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Елисей сарайындағы кешкі астың қонағы болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2066982-kilian-mbappe-men-grizman-zazgy-olimpiada-oiyndaryna-qatysuy-mumkin/

pixel