jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Франция президенті мен Килиан Мбаппе не жайлы сөйлесті

    Киллиан Мбаппенің Франция президентімен кездесуі
    Киллиан Мбаппенің Франция президентімен кездесуі. Фото: YOAN VALAT/POOL/AFP via Getty Images

    "ПСЖ" футбол клубының ойыншысы Килиан Мбаппе Францияның Елисей сарайында өткен кешкі асқа қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Фабрицио Романоның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 27 ақпанда Киллиан Мбаппе Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Елисей сарайындағы кешкі астың қонағы болды. Бұл жиын Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің Францияға ресми сапармен келуіне орай ұйымдастырылған еді.

    Журналист Фабрицио Романоның жазуынша, Эммануэль Макрон Мбаппеге "сіз бізге көп мәселе тудырасыз", – деп айтқан.

    "Мбаппе және оның келісімшарты бұл кездесудің тақырыбы емес, өйткені Килиан ПСЖ-дан кетуге шешім қабылдап қойды", – деп жазды Фабрицио Романо.

    Еске салайық, Килиан Мбаппе "ПСЖ"-дан кететінін мәлімдегенін жазғанбыз. Белгілі спорт журналисі және инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, Мбаппе франциялық клубтың басшылығына өзінің жазда кететінін хабарлады. Себебі футболшының ПСЖ-мен келісімшарты дәл осы уақытта аяқталады.

    Айта кетейік, Мбаппе ПСЖ клубында 2017 жылдан бері ойнайды. Transfermarkt порталының мәліметінше, 25 жастағы футболшының трансферлік нарықтағы құны 180 миллион еуро.

    Франция президенті мен Килиан Мбаппе не жайлы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.