"Евразия" СК SKIJ серіктесі болды және жарысқа қатысушыларға сақтандыру өтемін ұсынды, сондай-ақ Medical Assistance Group медициналық жедел жәрдем машинасының кезекшілігін қамтамасыз етті.
Өткен аптада Алматыда SKIJ клубының жыл сайынғы кездесуі өтті, оның мүшелері әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшы журналистер болып табылады. SKIJ 69 жыл бойына шаңғы спортының әуесқой журналистерінің басын қосып келеді.
Іс-шараға әлемнің 32 елінен, оның ішінде АҚШ, Канада, Италия, Бельгия, Хорватия, Болгария және т. б. елдерден 150 шаңғышы-журналист қатысты. Дәстүрлі түрде жарыстар ерлер мен әйелдер арасында үш жас тобында өткізіледі. "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында шаңғы слаломынан жарыс өткізілді, Солдат шатқалында "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысы басталды.
"Евразия" СК қатысушыларға жазатайым оқиғадан сақтандыру өтемін ұсына отырып, жарысқа қолдау көрсетті, сондай-ақ Medical Assistance Group медициналық жедел жәрдем машинасының кезекшілігін қамтамасыз етті.
Қазақстанда SKIJ-ға 40-тан астам журналист мүше, олар еліміздің жетекші медиа арналарын ұсынады: КТК телеарналары, "1 канал Евразия", "Хабар" телеарналары, "Время", "Курсив", "Жас Алаш", "Новое поколение" газеттері, Tengrinews.kz, Prosports.kz, Azattyq Ruhy, KzNews.kz сайттары және басқалар.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2068452-evraziya-sk-qazaqstanga-bukil-alemnen-kelgen-sangysy-zurnalisterdin-algasqy-zarysyna-qoldau-korsetti/