Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин аргентиналық боксшының арманын орындады

Опубликовано:

София Робес пен Геннадий Головкин
София Робес пен Геннадий Головкин. Фото: twitter.com/SoffiaGolovkina

Геннадий Головкин аргентиналық жанкүйері, "La Golovkina" лақап атымен рингке шығып жүрген боксшы София Роблеспен кездесіп, фотоға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Головкин аргентиналық боксшымен Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде кездескен көрінеді. София Роблес "GGG"-мен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялады.

"Менің арманым орындалды, кумирім Геннадий "GGG" Головкинмен кездестім", – деп жазды София X желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Геннадий Головкин 26 ақпанда Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Комитеттің Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Сондай-ақ Головкин қызметіндегі алғашқы сапарымен Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирге қазақстандық боксшыларды қолдауға барды. Бокстан Қазақстан құрамасы бұл турнирде Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды. Атап айтқанда Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Олимпиада лицензиясын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2068686-gennadii-golovkin-argentinalyq-bokssynyn-armanyn-oryndady/

pixel