jitsu gif
Спорт

    Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек неден қайтыс болды: досы мән-жайды айтып берді

    Мұхамбет Қуатбек
    Мұхамбет Қуатбек. Фото: instagram/bassportkz

    Еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек неден көз жұмғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің хабарлауынша, Мұхамбет 16 наурызда АҚШ-та жол апатынан қайтыс болған. Мұны марқұмның досы айтқан. Ал спортшының көз жұмғанын оның туыстары тек 19 наурызда біліпті.

    "Мұхамбет бірнеше күн бұрын жол апатынан қайтыс болған. Ал оқиғаға нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Біз тек кеше естідік. Қазір оның мәйітін елге әкелу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұйырса, 2-3 күнде елге жеткізіледі", – деді марқұмның досы Нұрболат Әбдіуәлиев.

    Еске салайық, жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбек көз жұмғанын жазғанбыз. Ол жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Кейінгі жылдары Мұхамбет күрестен Қазақстан чемпионаттарында көрінген жоқ. Себебі спортшы бірнеше жыл бойы АҚШ-та тұрған.

    Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек неден қайтыс болды: досы мән-жайды айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.