Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрлігінің өкілі спортшы Мұхамбет Қуатбектің неден көз жұмғанын айтты

Опубликовано:

Мұхамбет Қуатбек
Мұхамбет Қуатбек. Фото: instagram/bassportkz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"2024 жылғы 19 наурызда Нью-Йорк қаласының консулдығына Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфиядағы мәйітханаға жеткізілді.

Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметі бойынша өлім жүректің тоқтап қалуынан болған. Нақты ақпаратты күтіп отырмыз. Қазақстанның консулы қайтыс болған азаматымыздың туыстарымен байланыста. Қазіргі уақытта спортшының денесін Қазақстанға жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр", – деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, еркін күрестен 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек көз жұмды. Ол жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2071581-syrtqy-ister-ministrliginin-okili-muxambet-quatbektin-oliminin-aldyn-ala-sebebin-atady/

pixel