jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Майк Тайсон қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға барды (видео)

    Майк Тайсон
    Майк Тайсон. Фото: Ethan Miller/Getty Images

    Бокстан аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның матчына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Юлия Путинцева Майамидегі (АҚШ) жарыстың жартылай финалында Белорусь өкілі Виктория Азаренкоға қарсы ойнады. Үш сағатқа созылған матчта 6:7, 6:1, 3:6 есебімен Азаренко жеңіске жетті. Бұл ойынды америкалық кәсіпқой боксшы Майк Тайсон да тамашалады.

    Айта кетейік, Майамидегі жарыста бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда Грекия өкілі Мария Саккариді 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен ұтты. Енді Елена финалға өту үшін Путинцеваны жеңген әлемнің 32-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі.

    Еске салайық, Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтетін турнир алдында ұрыларға тап болғанын айтқан еді.

    Майк Тайсон қазақстандық теннисшінің ойынын тамашалауға барды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.