jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Metaratings Top Awards: Астанада Қазақстандағы спорт пен бизнестің үздік өкілдері марапатталады

    Metaratings Top Awards
    Metaratings Top Awards. Фото: metatopawards.kz

    2024 жылдың 28 наурызында Астанада Metaratings Top Awards премиясының марапаттау рәсімі өтеді. Жүлделер 2023 жылдың ең табысты спортшыларына, бапкерлер мен менеджерлерге, командалар мен спорт федерацияларына, журналистер мен комментаторларға, амбассадорлар мен букмекерлік компанияларға беріледі. Кештің арнайы қонағы футболдан әлем чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы Марко Матерацци болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Metaratings Top Awards халықтық дауыс беруіне Қазақстанның 40 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Финалистер қатарына Елена Рыбакина, Ангелина Лукас, Шавкат Рахмонов, Бақтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, бапкерлер – Магомед Адиев, Пауло Рикардо Кака, Александр Седнев, басқарушылар мен менеджерлер – Адлет Барменқұлов, Саят Абдахманов, Нұрбек Қарабала, Бауыржан Абдубаитов, Диас Досқараев, командалар мен спорттық ұйымдар — Қазақстан құрама командалары, "Ордабасы" ФК, "Freedom QJ League", "NAIZA" және "Барыс"ХК, сондай-ақ еліміздің үздік журналистері, блогерлері, спорт телеарналары мен БАҚ кірді.

    Финалистер арасындағы жеңімпазды сарапшы қазылар алқасы таңдады, оның құрамына қазақстандық спорттың көрнекті өкілдері — ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, семсерлесуден Әлем кубогының иегері Эльмир Әлімжанов, футболдан Қазақстан чемпиондары Давид Лория мен Али Алиев, сондай-ақ атақты палуан және ММА жауынгері Қуат Хамитов кірді. Қазылар алқасының толық құрамымен жүлде сайтында танысуға болады: https://metatopawards.kz/.

    "Біздің мақсатымыз — биылғы жетістіктерді атап өту ғана емес, сонымен қатар жаңа ұрпақты спорт пен бизнестегі табыстарға ынталандыру. Біз Metaratings Top Awards-тың қоғамның әртүрлі секторлары арасындағы диалог платформасы және еліміздің халықаралық беделін арттыруға үлес қосатын, Қазақстан спорттық өмірінің негізгі элементтерінің бірі болуына ұмтыламыз", – Сергей Бреговский, СЕО Metaratings және Жүлденің Сараптамалық кеңесінің төрағасы.

    Metaratings Top Awards: Астанада Қазақстандағы спорт пен бизнестің үздік өкілдері
марапатталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.