jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жокей ат жарысынан әлем кубогінде үздік бестікке енді

    Бауыржан Мырзабаев
    Бауыржан Мырзабаев. Фото: instagram.com/bauyrzhanmurzabayev

    Қазақстандық жокей Бауыржан Мырзабаев Dubai World Cup 2024 жарысында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жүлде қоры 12 миллион доллар болған бәйгеге 12 сәйгүлік қатысты. Жапониялық Dura Erede атты тұлпарды тізгіндеген Мырзабаев жарысқа бесінші нөмірде шықты. Ол 2000 метр қашықтықты 2 минут 4 секундта бағындырып, сайысты бесінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже үшін 360 мың доллар сыйақы беріледі. Ал мәреге Лаурель Ривер атты сәйгүлік бірінші болып келді.

    Айта кетейік, осы бәйгеге қазақстандық тұлпар Қабирхан да қатысты. Ол ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге жарыс жолына шығып, мәре сызығын сегізінші болып кесті.

    Бауыржан Мырзабаев – қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей. Ол Чехиядағы шабандоздар мектебінде оқыған. Чехияның 3 дүркін, Германияның 4 дүркін чемпионы. Жылына кем дегенде 500 бәйгеге қатысатын қазақстандық жокей Қабирханмен халықаралық жарыста бақ сынауға қарсы емес екенін айтқан еді.

    Қазақстандық жокей ат жарысынан әлем кубогінде үздік бестікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.