Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабирхан Дубайдағы әлем кубогінде 120 мың доллар жеңіп алды

Опубликовано:

Қабирхан және оның шабандозы
Қабирхан және оның шабандозы. Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан жүлде қоры 12 миллион долларды құрайтын Dubai World Cup 2024 жарысында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бәйгеге барлығы 12 сәйгүлік қатысты. Қабирхан ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге алтыншы нөмірде жарыс жолына шықты. Қазақстандық сәйгүлік 2000 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта бағындырып, мәре сызығын сегізінші болып кесті. Бұл нәтиже үшін 120 мың доллар беріледі. Ал мәреге Лаурель Ривер атты тұлпар бірінші болып келді.

Еске салайық, Қабирхан 12 қаңтарда Дубайдағы "Мейдан" ипподромында өткен бәйгеде жеңіске жеткен еді. Кейін ол 26 қаңтарда Дубайдағы Al Maktoum Challenge (1-топ) жарысында жеңімпаз атанып, 1 миллион доллар иеленді.

Сондай-ақ қазақстандық сәйгүліктің Dubai World Cup жарысына қатысатыны белгілі болды.

Қабирхан 2 наурызда өтетін Dubai Racing Carnival: Super Saturday сайысында бақ сынауы керек еді. Бірақ сәйгүліктің жаттықтырушысы Даг Уотсон мен иесі Тілек Мұханбетқалиев ол жарыстан бас тартып, әлем кубогіне дайындалуды шешті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2075910-qabirxan-dubaidagy-alem-kuboginde-oner-korsetti/

pixel