Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасуымызды ауыр қабылдады": Илья Ильин қызымен арақатынасы қандай екенін айтты

Опубликовано:

Илья Ильин сұқбат беруде
Илья Ильин сұқбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Аман Тасыған

Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин бірінші некедегі қызы Миланамен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты. Спортшының сөзінше, тұңғышы ата-анасының ажырасуын аса ауыр қабылдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Илья Ильиннің айтуынша, қызына оның екінші отбасын қабылдау қиынға түсуде. Спортшы тұңғышы бұл жағдайды дұрыс жағынан түсініп, онымен арақатынасы жақсарғанын қалайтынын жеткізді.

"Не дерімді білмеймін. Қызымды жақсы көремін, сағынамын. Әке ретінде тырысып, барымды салып жүрмін. Оған менің өмірімде Таня мен Айли пайда болғанын қабылдау қиын. Жасына сай өзгерістер болып жатыр. Біздің ажырасуымызды ауыр қабылдады. Бұл мен үшін де ауыр жағдай. Оның психологиялық күйі мені алаңдатады. Мектепте оқиды, спортпен айналысады, анасы қасында жүр. Мен өмір бойына жанындамын. Өзгерістерді тезірек қабылдаса екен деймін. Мен оның жақын адамы екенін түсінсе екен деймін", - деді Ильин "Алғашқы" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2076693-azyrasuymyzdy-auyr-qabyldady-ilya-ilin-qyzymen-araqatynasy-qandai-ekenin-aitty/

pixel