Маңғыстау облысының полициясы Ақтауда өткен Nomad MMA облыстық чемпионатындағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Аталған фактіге қатысты абайсызда кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.
Еске салайық, Ақтауда аралас жекпе-жектен өткен Nomad MMA облыстық чемпионатында 17 жастағы спортшы көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтаудағы "Батыр" спорт кешенінде болған.
"Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы К. құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті "Батыр" спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті, оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ, өкінішке орай, жас жігітті құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Апаттың ащы нәтижесі бәріміз үшін тосын жағдай болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр. Біз жақын жандарына қайғырып көңіл айтамыз", – деді Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясының президенті Мыңбай Ізмұханов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2076864-aqtaudagy-sportsynyn-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.