Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтың ақшасына тиіспеймін": Қуат Хамитов оны футболшылармен салыстыратындарға жауап берді

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов оны Қазақстан құрамасының футболшыларымен салыстыратын оқырмандарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Вестник MMA Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен және Қазақстан құрамасының футболшылары арасындағы айырмашылық мынада: мен ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емеспін. Егер мен жеңілсем, тек өзіме жеңілемін. Яғни, мемлекеттің, халықтың немесе қандай да бір демеушінің алдында есеп бермеймін. Мен халықтың ақшасына тиіспеймін. Ал сені мемлекет, халық қамтамасыз етіп отырса, онда нәтиже көрсетуге міндеттісің. Мен мың рет, миллион рет жеңіле аламын, бірақ ешкімге міндетті емеспін.

Мен 38 жекпе-жек өткіздім. Оның жартысынан көбі шетелде болды. Бұл дегенің бүкіл мансабымда Қазақстан экономикасына жарты миллион доллардан аса пайда әкелгенімді білдіреді. Өйткені басқа елге барып, ол жақтан ақша әкеліп, оны салық төлеуге, бірдеңе сатып алуға жұмсадым. Сондықтан ешбір футболшы маған "бірдеңені дұрыс жасамадың" деп айта алмайды", – деді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 халықаралық турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкоға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2080565-xalyqtyn-aqsasyna-tiispeimin-quat-xamitov-ony-futbolsylarmen-salystyratyndarga-zauap-berdi/

pixel