jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегі басқа күнге ауысты

    Казахстанский боец ММА Куат Хамитов
    Куат Хамитов: Instagram @kuat__khamitov

    Қазақстандық MMA шебері Қуат Хамитов пен ресейлік файтер Александр Шлеменко арасындағы жекпе-жек басқа күнге ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RCC лигасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    RCC 19 халықаралық турнирі 11 мамырда Екатеринбургта өтетін болды. Турнирдің басты оқиғасы – Александр Шлеменко мен Қуат Хамитов арасындағы жекпе-жек.

    39 жастағы Шлеменконың есебінде 63 жеңіс пен 15 жеңіліс бар. Ол соңғы кездесуінде сербиялық файтер Александар Иличтен бірінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті.

    Қуат Хамитов мансабында 24 рет жеңіске жетіп, 8 рет жеңілген, 1 кездесуі тең аяқталған. Ол соңғы рет октагонға 2023 жылы мамыр айында шығып, Ресей өкілі Залимхан Юсуповты ұтқан еді.

    Айта кетейік, Қуат Хамитов Қазақстан құрамасы Грекиядан ірі есеппен жеңілген соң матч туралы ойын айтқан еді. Сондай-ақ ұлттық құрама Люксемберге есе жібергеннен кейін де MMA шебері пікір білдірді.

    Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегі басқа күнге ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.