Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні: спортшы туралы 5 қызық факт

Опубликовано:

"Канело" мен Головкин
"Канело" мен Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Бүгін, 8 сәуірде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 42 жасқа толды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Геннадий Головкин – орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Әуесқой спортшылар арасында бокстан Әлем чемпионы (2003), Афинада өткен Олимпиаданың (2004) күміс жүлдегері.

1. Генадий Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласы, Майқұдық ауданында дүниеге келген. Әкесі – Геннадий Иванович Головкин, мамандығы – шахтер. 2014 жылы қайтыс болды. Анасы – Елизавета Сергеевна, ұлты кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиндер отбасында 4 ұл дүниеге келген. Вадим, Сергей, Геннадий және Максим. Максим мен Геннадий егіздер. Ал екі ағасы әскерде қызмет атқарып, белгісіз жағдайда қаза болды.

2. Головкин кәсіби бокста 44 рет жұдырық түйістіріп, оның 42 кездесуінде жеңіске жеткен, 37 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді. Өзі ешқашан нокаутқа түсіп көрмеді.

3. Америкалық жазушы Томас Хаусер "Әрдайым қорған" (Protect yourself at all times) деген кітабында Головкин туралы сөз қозғаған. Туындыда Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Майки Гарсия, Энтони Джошуа, Мигель Котто сынды бокшылардың есімі кездеседі.

4. Головкиннің Twitter желісінде 666 мың, Facebook-та 1,3 миллион, ал Instagram-да 4,9 миллион оқырманы бар. Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду да қазақстандық спортшының оқырманы.

5. Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. 2024 жылы 26 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Сол отырыста Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокс рингіне соңғы рет 2022 жылы 17 қыркүйекте шыққан еді. АҚШ-та өткен бокс кешінде мексикалық спортшы Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасты. 12 раундқа созылған жекпе-жекте "Канело" басым түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2080646-bugin-gennadii-golovkinnin-tugan-kuni-sportsy-turaly-5-qyzyq-fakt/

pixel