Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық команданың футболшысы жаңбыр кезінде қолшатырмен ойнады (видео)

Опубликовано:

Есентай Ниязбаев
Есентай Ниязбаев. Фото: instagram.com/1x.media.football.league

Қазақстандық блогер Есентай Ниязбаев медиафутбол құрамалары арасындағы өткен шоу-матчқа қолшатыр ұстап шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 16 сәуірде медиа футболдан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Алматыда шоу-матч өткізді. Ойын 4:3 есебімен Қазақстан командасының пайдасына шешілді. 31 жастағы қазақстандық футболшы Дидар Сыдықбек матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Орталық стадионда өткен ойын барысында жаңбыр жауып кетті. Сол сәтте Қазақстан жұлдыздары құрамасының ойыншысы, белгілі блогер Есентай Ниязбаев алаңға қолшатыр ұстап шықты.

Айта кетейік, матчтан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жұмсалмақ.

Еске салайық, медиа футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы, блогер Әлішер Келгенбай "Астана" клубымен 6 айға келісімшарт жасасқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2086250-qazaqstandyq-komandanyn-futbolsysy-zanbyr-kezinde-qolsatyrmen-oinady-video/

pixel