jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Армандар орындалады": "Астана" футбол клубы қазақстандық блогермен келісімшарт жасасты

    Әлішер Келгенбай
    Әлішер Келгенбай. Фото: instagram/fca.astana

    Әуесқой футболшы және блогер Әлішер Келгенбай "Астана" футбол клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еліміздегі ең танымал футбол блогері және медиа-ойыншы Әлішер Келгенбай "Астана" клубымен 6 айға келісімшарт жасасты. 28 жастағы ойыншы тұңғыш рет кәсіпқой футболда бақ сынамақ.

    "Армандар орындалады! Жұғысты болсын", – деп жазды Әлішер Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Айта кетейік, Әлішер Келгенбай жақында футболдан әуесқойлар арасындағы AFL сup халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының сапында ойнап, чемпион атанған еді.

    Әлішер Келгенбайдың Instagram Stories-і
    Әлішер Келгенбайдың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram/alisher.kelgenbay

    Еске салайық, Әлішер Келгенбай өткен жылы қазақстандық блогер Ұлдана Жиенқұлға үйленіп, тойын футбол стилінде жасады. Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, қалыңдықтың жамылғысында "Real Madrid-тің" эмблемасы бейнеленсе, ал "Barcelona" футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілді.

    Сондай-ақ Әлішердің гол соғып қуанған сәті әлемдегі танымал пабликте жарияланған еді.

    "Армандар орындалады": "Астана" футбол клубы қазақстандық блогермен келісімшарт жасасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.