Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасына тағы бір лицензия жеңіп алды

Жарияланған күні:

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров. Фото: olympic.kz

Токиода (Жапония) өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден іріктеу турнирінде Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық дуэт екі адамдық каномен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті. Олардың уақыт көрсеткіші – 01:44.213. Бұл сында тек қана бір жолдама ойнатылған болатын.

Еске салайық, қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді.

Қазір Қазақстан қоржынында 14 спорт түрінен Париж Олимпиадасының 34 лицензиясы (33 спортшы) бар:

  • бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);
  • нысана көздеу – 5;
  • садақ ату – 4;
  • семсерлесу – 4;
  • тас жолдағы велоспорт – 3;
  • қазіргі бессайыс – 2;
  • таэквондо – 2;
  • грек-рим күресі – 1;
  • еркін күрес – 1;
  • спорттық гимнастика – 1;
  • батуттағы гимнастика – 1;
  • жеңіл атлетика –1;
  • бадминтон – 1;
  • ескек есу–1.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2087525-qazaqstan-ulttyq-quramasy-pariz-olimpiadasyna-tagy-bir-licenziya-zenip-aldy/