Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық футбол лигасы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, маусымды игі іспен бастайды

Опубликовано:

QJ League құрамасының ойыншылары
QJ League құрамасының ойыншылары. Фото: QJ League баспасөз қызметі

20 сәуір Таразда жасөспірімдер футбол лигасының (QJ league) екінші маусымы басталады. Ойынға келген барлық көрермен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат аудара алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан жасөспірімдер футбол лигасының (QJ league) екінші маусымы "Тараз" бен "Астана" командалары арасындағы матчпен басталады. Ойын 20 сәуір сағат 15:00-де өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, лиганың мақсаты тек футболды дамыту ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрету. Осылайша, билет сатылымынан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына түседі. Ойын күні алаңда арнайы қорапшалар да орнатылады. Матчқа келген әр жанкүйер жерлестерімізге көмек қолын соза алады.

Сондай-ақ, QJ League жаңа лига маусымының бірінші турына келген әрбір жанкүйер үшін көмек қорына 100 теңге аударады. Стадионда отбасылар үшін қайырымдылық акциясы да өтеді. Матчта өнер көрсететін әртістер Kalifarniya мен DO-MI-NO гонорарларының жартысын су тасқынынан зардап шеккендерге жіберетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2087534-qazaqstandyq-futbol-ligasy-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-komek-korsetip-mausymdy-igi-ispen-bastaidy/

pixel