jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жас спортшы әлем рекордын жаңартты

    Елизавета Безрукова
    Елизавета Безрукова. Фото: kazsports.kz

    Қазақстандық мерген Елизавета Безрукова нысана көздеуден Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогында жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Елизавета Безрукова іріктеу сынында 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, 1-орын иеленді. 2-орынға 593 ұпаймен Анита Манголд (Германия) жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

    Безрукова нысана көздеуден Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында ел рекордын орнатқан. Ол 10 метрге пневматикалық нысана көздеуден 632.7 ұпай иеленген болатын.

    Айта кетейік, Каирде (Мысыр) өткен рейтингтік әлем кубогында қазақстандық мерген Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде күміс жүлде иеленген еді.

    Қазақстандық жас спортшы әлем рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.