Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қоржыны Париж Олимпиадасының тағы екі жолдамасымен толықты

Жарияланған күні:

Мария Бровкова мен Руфина Искакова
Мария Бровкова мен Руфина Искакова. Фото: olympic.kz

Токиода (Жапония) өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына тағы екі Олимпиада жолдамасы түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық дуэт Мария Бровкова мен Руфина Искакова екілік каноэде 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып келді. Сондай-ақ Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла екі адамдық байдаркамен 500 метр қашықтықтағы сайыста чемпион атанып, Олимпиада жолдамасын иеленді.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров лицензия жеңіп алған еді.

Осылайша, Қазақстан қоржынындағы Париж Олимпиадасы жолдамасының саны 39-ға жетті: бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1); нысана көздеу – 5; садақ ату – 4; семсерлесу – 4; тас жолдағы велоспорт – 3; қазіргі бессайыс – 2; таэквондо – 2; грек-рим күресі – 1; еркін күрес – 1; спорттық гимнастика – 1; батуттағы гимнастика – 1; жеңіл атлетика –1; бадминтон – 1; ескек есу–6.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2087693-qazaqstan-qorzynyndagy-olimpiada-zoldamasynyn-sany-otyz-beske-zetti/