Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Опубликовано:

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: instagram.com/committee_sport

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Дохадағы әлем кубогі кезеңінде 4-орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай 2-орыннан көрінді.

Қазақстандық спортшы жалпы есепте 70 ұпай жинап, әлем кубогі кезеңдерін екінші орынмен аяқтады. Ал Олимпиада жолдамасы бірінші және екінші орын алған спортшыларға беріледі. Бірінші орынды 85 ұпай жинаған иорданиялық гимнаст иеленді.

"Нариман Құрбановтың Олимпиадаға жолдама алғаны бізді қуантып отыр. Ол әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша екінші орынан көрінді.

Ал бүгінгі жарыста қола медаль иеленген ирландиялық Риз Маккленаган Олимпиада жолдамасын алып қойған. Сондықтан, әлем кубогінің жалпы есебінде үшінші орынға берілетін 20 ұпай Нариман Құрбановтың еншісіне жазылды. Осылайша, біздің спортшы 70 ұпаймен Парижге жолдама алды.

Иә, орындау барысында аздаған кемшіліктер бар. Бірақ Олимпиадаға дейін мұның бәрін реттеуге тырысамыз. Бүгін Нариман жүлдегерлер қатарына қосыла алмады. Десе де, ол спорттық гимнастикадан әлемдік элита қатарына сенімді түрде енеді", - деді бас бапкер Александр Ким.

Айта кетелік, бұл - спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы жеңіп алған екінші лицензия. Бұған дейін Милад Карими көпсайыстын жолдама жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088077-qazaqstandyq-gimnast-nariman-qurbanov-parizdegi-olimpiada-oiyndaryna-licenziya-zenip-aldy/

pixel