Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эмоция ғой": қырғыз балуаны қазақстандық спортшыны шапалақпен тартып жіберді

Опубликовано:

Әлімхан Сыздықов бапкерлерімен
Әлімхан Сыздықов бапкерлерімен. фото: instagram/qaz_team_official / Нұрғали Жұмағазы

Бішкек қаласында күрес түрлерінен лицензиялық жарыс аяқталды. Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов жартылай финалда ұтып, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Грек-рим күресінің шебері Әлімхан Сыздықов (130 кг) жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Киммен кездескен еді. Бұл белдесу 7:7 есебімен аяқталғанымен, ұпай сапасы жөнінен қазақстандық балуан басым түсіп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.

Алайда күрес барысында қырғызстандық балуан Әлімханды шапалақпен тартып жібереді. Қазақстандық өз кезегінде сабыр сақтап, кездесуді жалғастырды. Әлімхан белдесуден кейін 24KZ арнасының журналисіне осы жағдайға қатысты сұхбат берді.

"Енді ол күрес ғой. Эмоция бар жерде ондай болады. Ешқандай ренішім жоқ. Кілемде қарсыласым болса да, өмірде бауырым. Бапкерім шыда, эмоцияға берілме деді. Өзімді барынша ұстадым", – деді Әлімхан Сыздықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2088869-emociya-goi-qyrgyz-baluany-qazaqstandyq-sportsyny-sapalaqpen-tartyp-ziberdi-video/

pixel