Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Руым – Әлім": қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады

Опубликовано:

Ақтеңге Кеунимжаева
Ақтеңге Кеунимжаева. Фото: instagram/uww.uzb

Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиада ойындарының Азия аймақтық іріктеу жарысы аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Өбекстан ұлттық құрамасы әйелдер арасында тұңғыш рет Олимпиада ойындарының жолдамасын иеленді. Көршілес ел үшін тарихи лицензияны қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева (50 кг) жеңіп алды. Балуан қыз Qazsport телеарнасының журналисі Телжан Күдеровке берген сұхбатында ұлты қазақ екенін айтып, руын да жасырмады.

"Қазақ боламын. Руым – Әлім. Өзбекстанда туғанмын. Күреспен шұғылданып келе жатқаныма 10 жыл болды", – деді Ақтеңге Кеунимжаева.

Айта кетейік, Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының 3-күні Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2089109-ruym-alim-qazaq-qyzy-ozbekstan-quramasyna-tarixi-olimpiada-zoldamasyn-syilady/

pixel