jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық пара спортшылар әлем кубогында тағы бір медаль жеңіп алды

    Қазақстандық пара спортшылар
    Қазақстандық пара спортшылар. Фото: instagram/sport_comiteti

    Пара оқ атудан әлем Кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Пара оқ атудан әлем Кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық дисцеплинада 615.8 ұпай жинап, күміс медальді еншіледі. Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын медальді еншілесе,  қола медальға да Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юджин мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен қол жеткізді.

    Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Еркін Ғаббасов R10 дисцеплинасында чемпион атанып, ел тарихында пара оқ атудан алғашқы алтын медальді әкелген болатын.

    Айта кетейік, пара оқ атудан әлем Кубогы Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтуде. Дүбірлі додада 49 мемлекеттен 260-тан астам спортшы өнер көрсетуде. Жарыс 1 мамырға дейін жалғасады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.