jitsu gif
Спорт

    Мадридте теннистен қазақстандық дерби өтеді

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Kelly Defina/Getty Images

    Mutua Madrid Open жарысының ширек финалында Қазақстанның үздік теннисшілері арасында кездесу өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина чехиялық қарсыласы Сара Бейлекті жеңіп (6:1, 6:3), жарыстың ширек финалына шықты.

    Енді Рыбакина тағы бір отандасымыз Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцевамен кездеседі. Путинцева бұған дейінгі ойында әлемнің 11-ракеткасы Дарья Касаткинаны 3:6, 6:2, 6:2. есебімен жеңген болатын.

    Айта кетейік, Елена биылғы WTA маусымында турнирдегі жеңістер саны бойынша (3), финалдар бойынша (5) және эйс ұпайлары бойынша (214) үздік нәтиже иегері.

    Материал авторы: Досбол Атажан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.