Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй салуға бағытталады": Қазақстандағы жасөспірімдер футбол лигасы су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат аударды

Опубликовано:

QJ League ашылу матчы
QJ League ашылу матчы. Фото: qjl.kz

QJ League жасөспірімдер футбол лигасы су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау үшін "Қазақстан халқына" қорына 5 528 400 теңге қаражат аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QJ лиганың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

QJ League су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау акциясын бастаған еді. Лиганың бірінші және екінші турындағы әрбір матчқа келген көрермен үшін 100 теңге аударды. Екі турды 5 284 көрермен тамашалады.

Сондай-ақ, жасөспірімдер лигасы "Тараз" және "Астана" командалары арасындағы матчтың билеттерінен түскен барлық ақшаны қорға аударды. Ойын алдында шамамен 10 000 билет сатылды.

"Қайырымдылықтың жалпы сомасы 5 528 400 теңгені құрды. Барлық жиналған қаражат апаттан зардап шеккен өңірлерде үйлер салуға бағытталатын болады", – делінген QJ League жасөспірімдер футбол лигасының Instagram парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық футбол лигасы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, маусымды игі іспен бастайтынын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2095331-qazaqstandagy-zhasospirimder-futbol-ligasy-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-qarazhat-audardy/

pixel