Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауа райы кедергі емес": маңғыстаулық азамат Олимпиадаға велосипедпен жолға шықты (видео)

Опубликовано:

Рәббім Байбозұлын cапарға шығарып салу сәті
Рәббім Байбозұлын cапарға шығарып салу сәті. Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велосипедпен аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

3 мамырда Рәббім Байбозұлын отбасы, достары, спортшылар және Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері Парижге шығарып салды. Велошабандоз сапары барысында 9 елге баруды жоспарлап отыр.

"Ауа райы қандай болса да, мен үшін кедергі емес, өйткені бірнеше жылдық тәжірибем бар. Велосипедпен Қазақстанның түкпір-түкпірін араладым, тіпті тау жоталарын бағындырдым деуге болады. Қиын болуы мүмкін, себебі – бейтаныс рельеф және жолды білмеу. Бірақ мұндай жағдайлар үшін әрқашан карталар мен мен нұсқаулық бар. Менің мақсатым – Париждегі Олимпиада ойындарына көрермен ретінде қатысу.

Әзербайжаннан бастап 9 мемлекетті аралауды жоспарлап отырмын. Жолға көп зат алмадым, багажымда небәрі 10 келі зат бар. Балаларым мен немерелерім мені Еуропада – Германия мен Францияда күтіп отыр. Олардың қолдауы мен үшін маңызды. Ал елге қайтарда ұшақпен қайтамын", – деді Рәббім Байбозұлы.

Еске салайық, 64 жастағы маңғыстаулық спортшы Парижде өтетін Олимпиадаға велосипедпен аттанатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2095808-aua-raiy-kedergi-emes-manggystaulyq-azamat-olimpiadaga-velosipedpen-zholga-shyqty-video/

pixel