Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео)

Опубликовано:

"Ордабасы" футбол клубы
"Ордабасы" футбол клубы. Фото: instagram/fc_ordabasy

Кеше, 8 мамырда Қазақстан кубогының широк финалы аясында "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол клубтары кездесті. Кездесу барысында алаңда шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте өткен ширек финалдық кездесу 1:2 есебімен "Ақтөбе" футбол клубының пайдасына шешілді. Осылайша Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды.

Матч кезінде "Ордабасы" жанкүйерлері қала әкімдігіне байкот жариялап, алаңнан шығып кетті. Себебі жақында клуб президенті Бауыржан Әбдубаитов қызметінен кеткен еді. Шымкенттік команданың жанкүйерлері басшының кеткеніне қарсы. Олар Бауыржан Тойшыбекұлы лауазымынан өз еркімен кеткен жоқ деп есептейді.

Бірінші таймнан кейінгі үзілісте орнын босатқан экс-президент Бауыржан Әбдубаитовтың өзі жанкүйерлер алдына шығып, сабыр сақтауды өтінді. Сонымен қатар қызметтен денсаулығына баланысты кеткенін мәлімдеді. Айта кетейік, Ол Шымкент командасының басшылығына 2022 жылдың басында келген. Екі жылдың ішінде клубты Қазақстан кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2097839-ordabasy-futbol-klubynyng-zhankuierleri-match-kezinde-qala-akimdigine-baikot-zhariialady-video/