Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Италиядағы WTA 1000 турнирінен шығып қалды: cебебі белгілі болды

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде (Италия) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Italian Open жарысының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Елена Рыбакина ауырып қалғанына байланысты турнирді жалғастыра алмайды. Оны Осеан Доден алмастырады. Біз 2023 жылғы чемпионымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Римдегі WTA 1000 жарысына тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да қатысып жатыр. Ол 12 мамырда 1/8 финалға шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойнайды.

Еске салайық, Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) турнирдің финалында украиналық Марта Костюкпен кездесіп, оны ойсырата жеңген еді. Қазақстандық теннисші үшін биыл бұл үшінші титул болды. Бұған дейін ол Брисбен (Австралия) мен Абу-Дабидегі (БАӘ) жарыстарда жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2098415-elena-rybakina-italiiadagy-wta-1000-turnirinen-shygyp-qaldy-cebebi-belgili-boldy/