jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина үздік теннисшіні ойсырата жеңіп, биыл үшінші титулына ие болды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: instagram.com / wta

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) турнирінің финалында украиналық Марта Костюкпен кездесіп, оны ойсырата жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Рыбакина Костюкты екі сетте – 6:2, 6:2 ұпайымен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

    Бұған дейін турнирде Елена Рыбакина ресейлік теннисші Вероника Кудерметованы (19-орын) – 7:6, 1:6, 6:4, италиялық Жасмин Паолиниді (14-орын) – 6:3, 5:7, 6:3, Ига Швятекті (1-орын) – 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңген.

    Ал Марта Костюк финалға дейін әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірген үш теннисшіні ойсырата жеңген: қытайлық Чжэн Цинвэнді (7 орын) – 6:2, 4:6, 7:5, америкалық Кори Гауффті (3 орын) - 3 :6, 6:4, 7:6 және Чехия Маркет Вондроусованы (8-орын) - 7:6, 6:2 есебімен жеңген.

    Айта кетейік, Елена Рыбакина үшін биыл бұл үшінші титул: бұған дейін Рыбакина Қазақстанның үздік теннисшісі Брисбен (Австралия) мен Абу-Дабидегі (БАӘ) турнирлерінде жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ ол WTA рейтингінде 4-орында.

    Елена Рыбакина үздік теннисшіні ойсырата жеңіп, биыл үшінші титулына ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.