Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Мұсағалиев: Мен қазақпын, бірақ Қазақстан құрамасына жаным ашымайды

Опубликовано:

Азамат Мусагалиев. Фото: t.me/azabraza84
Азамат Мұсағалиев. Фото: t.me/azabraza84

Белгілі ресейлік шоумен және әзілкеш Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасы туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Мен – қазақпын. Бірақ қазақстандық жанкүйерлер өкпелемесін, менің Қазақстан құрамасына мүлде жаным ашымайды. Мен Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан, әрқашан Ресей құрамасын қолдап келемін. Қазақстан құрамасының ойындарын ешқашан қараған емеспін", - деді Мұсағалиев Cappuccino & Catenaccio Show Youtube арнасына берген сұхбатында.

Азамат Мұсағалиев Астрахан облысы, Құмөзек қаласында дүниеге келген. Ол – актёр, әзілкеш, тележүргізуші және музыкант, "Камызяки" КВН командасының капитаны, "Однажды в России" шоуының бұрынғы қатысушысы.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда Азамат Мұсағалиев өнер көрсететін "Камызяки" КВН командасының шоуына билеттерді сату тоқтатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2100095-azamat-musagaliev-men-qazaqpyn-biraq-qazaqstan-quramasyna-zhanym-ashymaidy/