Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та балық аулауға барған Асу Алмабаев қызық жағдайға тап болды

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев балық аулауға барып, қызық жағдайға тап болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Instagram Stories-ке балық аулауға барған сәтінен видеолар жариялады. Ол қайықтың қатты теңселгенін көрсетіп, соның нәтижесінде теңіз ауруына шалдыққанын жазды.

Айта кетейік, қазір Асу Алмабаев АҚШ-та жүр. Ол UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегі алдында оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр.

Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы америкалық Хосе Джонсон болмақ. Аралас жекпе-жек шеберлері 15 маусымда АҚШ-та өтетін UFC Vegas 93 турнирінде кездеседі.

Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегінде АҚШ өкілі Си Джей Вергарамен жұдырықтасқан еді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30:27, 30:27, 30:27). Осылайша Алмабаев кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды.

Асу Алмабаевтың Instagram Stories-і
Асу Алмабаевтың Instagram Stories-і. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2103539-aqsh-ta-balyq-aulauga-bargan-asu-almabaev-qyzyq-zhagdaiga-tap-boldy/