jitsu gif
Спорт

    Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды (фото)

    Асу Алмабаев пен Гилберт Бернс
    Асу Алмабаев пен Гилберт Бернс. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегі алдында дайындық лагерінен өту үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Dar pro team ұйымының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы америкалық Хосе Джонсон болмақ. Оның кәсіпқой ММА-дағы рекорды 16-8. Аралас жекпе-жек шеберлері 15 маусым АҚШ-та UFC Vegas 93 турнирінде кездеседі.

    "Біздің команданың жауынгері Асу Алмабаев Kill Cliff залында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-қа ұшып кетті", - деп хабарлады жауынгердің командасы.

    Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов та дайындық жиындарын Kill Cliff жаттығу залында өткізеді.

    Алмабаевтың ММА-дағы қазіргі рекорды – 19 жеңіс және 2 жеңіліс. Соңғы жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен Си Джей Вергарадан басым түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.