Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйгілі "Атлетико Мадрид" футбол клубының академиясы ашылмақ

Опубликовано:

"Атлетико Мадрид" футбол клубы
"Атлетико Мадрид" футбол клубы. Фото: Mateo Villalba/Getty Images

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматыда "Атлетико Мадрид" футбол клубының академиясы ашылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматыда "Қайрат" футбол клубының академиясы бар. Осындай академияны еліміздің барлық өңірлерінде ашамыз. Бір қуанышты хабарды айта кетейін. Жақын арада Алматыда "Атлетико Мадрид" академиясы ашылады. Бұл – Испаниядағы жетекші клубтардың бірі. Келіссөздерді аяқтап қалдық", - деді Маржықпаев.

Сондай-ақ министр елдегі футбол стадиондарының саны көбейетінін айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз еліміздегі футбол стадиондарының қажеттілігі мен қазіргі жағдайына талдау жүргіздік. Бүгінде бізде Қазақстан футбол федерациясының санатына сәйкес келетін 28 негізгі стадион бар. Бірақ олардың барлығы қайта жаңартуға және ағымдағы жөндеуге жататынын атап өтемін. 2029 жылға дейін біз ел бойынша стадиондар санын 42-ге жеткізуіміз керек. Тағы 10-нан астам стадион салуымыз қажет. Өңірлерде жұмыс басталды. Мысалы, Қызылордада 10 мың орындық стадион құрылысы жүріп жатыр. Үш облыста ЖСҚ әзірленді, екі өңірде жер учаскелері бөлінді", - деді министр.

Маржықпаевтың сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда миллионнан астам адам футболмен айналысады. 510 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 856 футбол секциясы жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2112048-almatyda-aigili-atletiko-madrid-futbol-klubynyng-akademiiasy-ashylmaq/